423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Науаи кітаптары қазақ тіліне аударылды

  • 163
  • UPD: 18:38, 13.09.2021
Науаи кітаптары қазақ тіліне аударылды

Бүгін халықаралық Түркі академиясы Ташкентте Әлішер Науаидің қазақ тіліне аударылған кітаптарын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Түркі халықтарына ортақ ұлы ақынның 580 жылдығына орай қолға алынған шара дейді ұйым басшысы Дархан Қыдырәлі. Шығыстың жұлдызы Әлішер Науаидің туындыларын өзбек тілінен қазақ тіліне көрнекті ақынымыз Несіпбек Айтұлы, шығыстанушы ғалым Төрәлі Қыдыр мен өзбекстандық ғалым Мұхаммад Әли тәржімалаған. Бүгін бауырлас өзбек жұртына «Екі тіл туралы пікір», «Науаидің ғазалдары» және де «Хамса» кітаптары таныстырылды. Соңғы жинаққа Әлішер Науаидің «Ләйлі-Мәжнүн» және «Ескендір қорғаны» атты екі дастаны енген.

Айта кету керек, Әлішер Науаи – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы бата сұраған шығыстың танымал жеті ақынының бірі.

Дархан Қыдырәлі, халықаралық түркі академиясының президенті:

– Абайдың шығармаларының өзбек тілінде жарық көруі қазақ әдебиетін Өзбекстанда таныстырса, Науаи шығармаларының қазақ тілінде жарық көруі ұлы ойшылды қазақ оқырмандарымен жақындастыра түседі. Сондықтан мұндай әдеби, мәдени байланыстар тамырлас, тағдырлас, тарихы бір халықтарды жақындастыра түседі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы