«Біз біргеміз!» әлеуметтік бейнероликтері сценарийлерінің питчингіне өтінімдер қабылдау жалғасуда

«Хабар» Агенттігі әлеуметтік бейнероликтері сценарийлерінің питчингіне өтінімдерді қабылдайды. Таңдаулы роликтер «Astana Media Week-2021» халықаралық көрмесінде көрсетіледі.

Бейнероликтер тақырыптары: отбасылық құндылықтар, экология және қаржылық сауаттылық.

Питчингтің сыйақы қоры – 4 000 000 теңге.

Іс-шара екі кезеңде өтеді. Питчингтің уақыт тәртібі және онлайн өтінім беру бойынша ақпарат «Хабар» Агенттігінің ресми сайтында жарияланған: https://khabar.kz/kk/pitching

Байқау жеңімпаздары 2021 жылдың 28 қыркүйегінде белгілі болады.