Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің аясында Гала-концерт өтеді

16-17 қыркүйек аралығында Тәжікстан астанасы Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің аясында Гала-концерт өтеді.

Ауқымды іс-шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдің өнер майталмандары қатысады. Еліміздің атынан Гала-концертте «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі, «Астана сазы» фольклорлы-этнография ансамблі, дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали өнер көрсетеді.

Ал 18 қыркүйекте Бохтар қаласында (Тәжікстан) қазақ диаспорасы өкілдеріне арналған концерт ұйымдастырылады. Біздің артистер белгілі қазақ және дәстүрлі музыкалық шығармалармен қоса, жаңа композициялар орындайды.