Түркияның Бұрса қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды

Бұл жөнінде Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің 38-ші отырысында бекітілді.

Айта кету керек, Бұрсаға дейін нақ осы Хиуа қаласы мәдени елорда атағына ие болған. Тағы кездесу барысында ұйым мүшелері өткен жолы бекітілген іс-шаралардың атқарылу қорытындысын тыңдап, алдағы жоспарларын бекітті. Өз кезегінде Қазақстан тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру үшін түркітілдес елдердің мамандарын тартуға ниетті екендігін жеткізді. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың айтуынша, шетелдік қолөнершілер тәжірибе алмасу үшін аса қажет.

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты туризм және қонақжайлылық университеті бар Түркістан қаласында. Сол жерде арнайы база қалыптастырып, осы шеберлерді, біздің жастарымызды үйрету. Ол жаңағы Өзбекстандағы, Түркиядағы, жалпы барша осы ТҮРКСОЙ ұйымына кіретін мемлекеттердің мықты деген мамандарын, қолөнерлерін, реставрация жұмыстарын жасайтын, қалпына келтіру жұмыстарын жасайтын, тарихи-мәдени құндылықтарымызды сақтау мақсатында сол мамандарды, өзіміздің жастарымызды тәрбиелеуге шақырып отырмыз.

 

Сондай-ақ...