Imanbek пен LP көпшілік назарына жаңа бейнебаянын ұсынды

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов пен американдық әнші LP Fighter (Жауынгер) атты әніне түсірілген бейнебаянды көпшіліктің назарына ұсынды.

«Fighter әніне түсірілген ресми видео YouTube-те», – деп жазды Иманбек өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Әнші де оқырмандарын бейнебаянның толық нұсқасына баға беруге шақырған.

Бейнебаянда әнші мен диджей қарсыластармен күресуге мәжбүр құдды бір өзге ғаламшар тұрғындары іспетті.

Өнерпаздардың жанкүйерлері бұл туындыға оң бағасын беріп үлгерді.