Қазақстандық әнші «The Voice» халықаралық байқауының әділқазыларын тәнті етті

«Қазақстан дауысы» жобасының қатысушысы Құралай Мейрамбектің өнері «The Voice» халықаралық байқауының ұйымдастырушыларын тәнті етті.

«Қорқыт-қобыз» әнін жоғары деңгейде орындап шыққан қазақ қызы аптаның үздік ондығына енді. Әр елдің өнерпаздары енген видеотоптама байқаудың әлеуметтік желідегі арнасына жарияланды. Әнші қыздың дауысын отандық эстрада жұлдыздары да жоғары бағалаған еді.