Ұлы дала әуендері Анадолы аспанында қалықтады

Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркияда концерт берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара Ыстамбұлда ұйымдастырылған құрылтай аясында өтті. Аланияда басталған мерекелік бағдарлама Анталия, Конья, Хатай мен Газиантеп қалаларында жалғасты.

Ерлан Бақытгерей, дирижер:

- Түркияның 6 қаласында қазақтың домбырасын күмбірлетіп, Аллаға шүкір, бүгін соңғы концертімізді беріп жатырмыз. Түркия елі, Түркия жері, бауырластарымыз, ағайындарымыз өте риза болып жатыр. Бәрі ойдағыдай өтті.

Уйгар Гүндай, көрермен:

- Бұған дейін қазақ музыкасымен тыңдамап едім. Қатты ұнады. Телефоныма әуендерді жазып алдым. Үйге барып, басқа да әндермен салыстырмақпын. Батыс музыкасынан мүлдем өзгеше.