426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өскеменде жазушы Оралхан Бөкейдің ескертікіші жаңартылды

  • 140
  • UPD: 11:12, 26.09.2021
Өскеменде жазушы Оралхан Бөкейдің ескертікіші жаңартылды

Өскеменде белгілі жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің ескертікіші жаңартылды.

Қаламгердің осыдан 8 жыл бұрын ашылған мүсіні сапасыз болуына байланысты әдебиет жанашырлары оны қайта жасау туралы ой көтеріп келген еді. Ақыры осы ұсыныс ескеріліп, Оралхан Бөкейдің мүсіні қоладан құйылып, тұғырына қайта қойылды. Жалпы биіктігі 4,8 метр. Жейдесін иығына іліп, бүгінгі ұрпаққа маңғаздана қарап тұрған заңғар жазушының бұл мүсіні Семей қаласында жасалыпты. «Мұзтау», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Қамшыгер» сынды талай танымал туындыны өмірге әкелген, дүлділ тұлғаның асқақ ескерткіші өскелең ұрпақ үшін үлкен тәрбие.

Әлібек Қаңтарбаев журналист, ақын:

- Кеуде мүсіні бұрын да болған,сол кездегі кеуде мүсін жасаушылардың қателігінен деуге болмса,кемшілігі сол кеуде мүсін өте сапасыз істеліп еді,соны қайта жаңғыртып жатыр. Өр Алтайды, төр Алтайды жырлаған заңғар жазушы болатын, соған өз елінде, өз жерінде мынадай асқақ кеуде мүсіні қойылып жатыр. Бүгін бүкіл Шығыс Қазақстан үшін үлкен мереке.

Хабар 24 телеарнасы