Елордада «Ұлы дала аңыздары» атты жаңа комикстер таныстырылды

«Махаббат туралы 7 хикая» мен «Қазақ жерінің ұлы батырлары» атты жаңа топтама енді қалың оқырманға қолжетімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туындылар арасында «Еңлік – Кебек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Айша бибі» туралы аңыздар да бар. «Бұл жоба қазақ халқының рухани мұрасын күллі әлемге танытуға септігін тигізеді», - дейді ұйымдастырушылар.

Азат Шауеев, жобаның идеялық авторы:

- Бұл жоба осымен тоқтап қалмайды. Мынаны ертеңнен бастап бүкіл сауда орындарымен келісіп қойдық. Сауда орындарына шығарамыз. Шамамыз жеткенше балалар кітапханасына таратамыз. Ал сатудан түскен қаржыға келесі серияларын шығарамыз. Өйткені жоспарымызда бар Ұлы даланың арулары деп, мысалы баяғы Томирис, Зарина, мынау мұндағы Әлия, Мәншүктерге арнағымыз келіп отыр. Қазақ хандарына арнағымыз келіп отыр.