Қарағандыда «Жұт» қойылымының премьерасы өтті

Жанат Хаджиев атындағы форум-фестивальде Станиславский атындағы Мәскеу «Электра» театрының актері Азамат Нигманов қойған «Жұт» спектаклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қойылым саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған. Жергілікті театрда Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған көрме көрермен назарына ұсынылды. Шараға қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа дүние үйренуге мүмкіндік алды. Актерлер «Сахна қозғалысы» және «Сахна сайысы» сынды тақырыптарда шеберлік сағаттарын өткізді.