426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мұқағалидің туған жерінде «Алаш жұртының ақиығы» атты конференция өтті

  • 106
  • UPD: 13:20, 05.10.2021

Мұқағали жырларының астарынан ұлттық сананы оятуға деген ұмтылысты көруге болады.

Тау тұлғаның туған жері Қарасазда өткен ғылыми тәжірбиелік конференцияда қаламгерлер осылай деді. Қазақтың лирик ақыны деп танылған суреткердің поэзиясы жаңа қырынан талданып баяндама жасалды. Қайталанбас дарын иесінің күрескерлігі де сөз болды. «Алаш жұртының ақиығы» атты алқалы жиынға еліміздің жазушыларымен қатар Түркия және Қырғыз елінің ғалымдары, Түрксой ұйымының өкілдері қатысты. Олар ақын өлеңдері түбі бір түркі жұртына ортақ мұра екенін атап өтті. Сондықтан оны әлі де кеңінен зерттеп, зерделеу керектігіне баса назар аударды.

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы:

- Мұқағалидің шығармалары мұхиттағы айсберг сияқты. Бұның көп құпиясы толық ашылып болды деп айта алмаймыз. Сондықтан осындай конференциялар Мұқағали жұмбағын шешуге поэзиясының қыр-сырын оқырмандарға жұртқа ашып беруге көмектеседі.

Батық Мәжитұлы, «Мұқағали» журналының бас редакторы:

- Мұқағали артына қазына қалдырған ақын. Кез келген адамда қазына болмайды. Сол қазынаны алып, біздің ұлттық идеологияның алтын арқауы ретінде пайдалану біздің мемлекеттің өзінің міндеті деп қарастырған жөн.

Алматы облысының Райымбек ауданында М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған шаралар ертең де жалғасады. Нарынқолда ақиық ақынның ескерткіші ашылып, саябақ қолданысқа беріледі.

Хабар 24 телеарнасы