426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қаллеки театры жаңа маусым шымылдығын түрді

  • 107
  • UPD: 23:16, 01.10.2021
Қаллеки театры жаңа маусым шымылдығын түрді

Театр көрерменімен қайта қауышты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры 31-ші жаңа маусымын «Абай» спектаклімен ашты. Премьерасына 12 жыл болған бұл қойылымның репертуардағы орны ерекше. Ел Тәуелсіздігімен түйдей құрдас Қаллеки театрының қалың көрерменге жаңалығы көп. Мерейтойға орай Халық аспаптар ансамблін қайта жаңғыртып, бірқатар жаңа қойылым ұсынбақ.

Қуандық Қыстықбай, театрдың көркемдік жетекшісі:

- Бізде көктемде екі премьера болды. «Құнанбай» мен «Бопай». Осы жолы жаңа жылға дейін екі қойылымымыз бар. Халық аспаптар ансамблі бар. «Айманолпан» мен «Жарқанат» атты қойылымдарымыз жаңа актермен, жаңа декорациямен қайта қауышамыз. Көрерменге ұсынар жаңалық көп.

Хабар 24 телеарнасы