Елордада «Ұлы дала рухы» мәресіне жетті

«Ұлы дала рухы» мәресіне жетті. Республикалық фестиваль тамыз айының соңында басталған. Содан бері еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Сайыстарға 7 мыңнан аса адам қатысты.

Нәтижесінде іріктеуден үздік шыққандар елордада бас қосып, өзара мықтыны анықтады.

Айта кетейік, бұл фестиваль екі жылда бір ұйымдастырылады және биылғысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналды. Жарыс жеңімпаздары бүгін салтанатты түрде марапатталды. Бұған қоса жамбы ату мен теңге ілуден республикалық турнирде топ жарған спортшыларға да осы фестиваль аясында сыйлықтар табысталды.