Түркістан муздрама театры шымылдығын Шыңғыс хан туралы спектакльмен ашады

Түркістан музыкалық драма театры шымылдығын «Бөрте» спектаклімен ашады.

Көрнекті драматург, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің пьесасы тұңғыш рет 9 қазан күні жұртшылық назарына ұсынылады. «Бөрте» спектаклін қоюға белгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор шақырылған.

Театрдың директоры және көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарованың айтуынша, қойылым 10-11 жастағы Шыңғыс хан мен Бөртенің алғаш танысуынан басталып, Шыңғыс қағанның алып империяны басқарып тұрған кезеңін қамтиды. Спектаклде ажарлы да ақылды, батыр да батыл, қайсар әйел Бөрте ханымның ғұмыры баяндалады. Бөртенің ролін жас актриса Айя Шәріп пен Ақбота Қаймақбаева, ал Шыңғыс ханды белігілі кино және театр артистері Еркебұлан Дайыров пен Нұркен Өтеуілов сомдайды.

Ақбота Қаймақбаева, актриса:

- Актриса үшін Бөрте анамыздың ролін сомдау үлкен бақыт деп ойлаймын. Бөрте анамыз әр кезде қиыншылықта да қасынан таыблған. Ақылшысы болған, төрт ұлының анасы болған. Дана ана болған, ірі тұлға. Енді оның бағасын халық береді.

Карло Шаккалуга, қойылым режиссері:

- Шыңғыс ханның инпериясын құру үшін Бөртенің қандай роль атқарғанын білу өте маңызды және қызықты. Оның үстіне Бөрте туралы ақпарат өте аз. Осы тұрғыдан келгенде драматург Дулат Исабеков өте үлкен жұмыс істеген. Ол Бөртенің сол қоғамдағы орнын анықтау үшін аянбай тер төкті. Күрделі тұлғанының бейнесін ашып, халыққа жеткізу үшін барымызды салдық.