Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы Анкарада атап өтілді

Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы Анкарада аталып өтті.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы және Кечиөрен муниципалитеті ақынның құрметіне орай бірнеше шара ұйымдастырды. Анкараның Жамбыл көшесіне ескерткіш тақта орнатылып, «Жамбыл - түркі дүниесінің жыр алыбы» атты халықаралық конференциямен жалғасты. ТҮРКСОЙ ұйымы ұйытқы болған жиында ақынның түркі әлеміндегі ролі, шығармалары жайында әңгіме қозғалды. Конференция барысында Жамбылдың түрік тіліне аударылған таңдамалы шығармалары кітабының тұсауы кесілді.

Салтанат Жамбылова, ақынның ұрпағы:

- 175 жылдыққа орай Түркия төрінде конференция өтіп жатыр. Осындай жиындар, конференциялар тағы да жалғасын таба берсе деп ойлаймын. Алматы облысы Жамбыл ауданы жер жәннаты Жетісу дейміз. Ақындар мен батырлар елі дейміз. Еліміздің, жұртымыздың, ұрпақтарының дұғай-дұғай сәлемін алып келіп отырмын.

Билал Чакыжы,  ТҮРКСОЙ ұйымы Бас хатшысының орынбасары:

- Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, осы текті шараларға көп мән береді. Сондықтан түбі бір түркі жұртының тарихы мен мәдениетін дәріптейтін көрнекті өкілдерін еске алып, олардың шығармаларымен таныстырамыз. Оны түркі тілдеріне аударып, мерейтойларын атап өтеміз. Осы арқылы халықтарымызды одан сайын жақындастыруды көздейміз.

Сондай-ақ...