Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев актер Досхан Жолжақсыновты «Отан» орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.

Д.Қ. Жолжақсыновты «Отан» орденімен наградтау туралы

Қаулы етемiн: 

  1. Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін  дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                          Қ.Тоқаев