Ресейдің Қазақстандағы мәдениет күндері басталды

Елордада Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері басталды.

Осыған орай мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге Ресейдің жетекші орындаушыларының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды. Онда романстар, орыс композиторларының операларынан ариялар және заманауи авторлардың шығармалары орындалды. Сондай-ақ мәдениет күндері аясында 12 - 17 қазан аралығында «Вологда шілтері» көрмесі өтеді.

Еламан Төлепберген, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің БАҚ-пен байланыс департаментінің өкілі:

- 2019 жылы Ресей Федерациясында Қазақстанның мәдени күндері өткізілген болатын. Араға екі жыл салып, карантин шараларынын жеңілдетуіне байланысты енді Ресей Федерациясын зор қуанышпен қарсы алып жатырмыз. Бұл үлкен мәдени іс-шара деп атасақ артық болмас. Бұл енді Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтатын ірі жоба.

Сондай-ақ...