426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысындағы Жүзімдік ауылы тасын түртсең тарихы сөйлейтін қасиетті орынға айналды

  • 94
  • UPD: 18:53, 13.10.2021
Түркістан облысындағы Жүзімдік ауылы тасын түртсең тарихы сөйлейтін қасиетті орынға айналды

Ауыл арасында археологиялық құнды жәдігерлер мен үй маңында көне қыш құмыралар жер бетіне шығып жатыр, деп мәлімдеді «Хабар24».

Тұрғындар бағзы заманға тиесілі жәдігерлерді жергілікті музейге өткізіп, қор көлемін едәуір ұлғайтқан. Мұнда еліміздің атақты археологтары 1985-86 жылдары ауқымды қазба жұмыстарын жүргізген. Құны қымбат, тарихы тереңде жатқан жәдігерлерді зерттеп, Алматы мен Мәскеу музейлеріне өткізген. Қазір мектеп музейінде 152 экспонат бар. Алтарь ошақ, саз балшықтан жасалған көзе, кұмыралар, қоладан жасалған тұрмыстық ыдыстар, кұлпытас пен тастан жасалған кол диірмендері сақтаулы тұр. Оның тарихымен танысып, білуге облыстың әр аймағынан жас туристер мен оқушылар арнайы келеді.

Қайрат Үсенов, музей меңгерушісі:

Біздің заманымызға дейінгі және біздің заманымызда V-VI ғасырда табылған заттардың есебінен құралған. Археологтардың пайымдаған қорытындысы бойынша бұл жерде орта ғасырдағы Қаңлы мемлекеті болған және Қарахан мемлекеті кезіндегі хронологиялық кезеңге жатады заттар. Үлкен қала болған Қаңлы мемлекеті ханының кезінде жазғы саяжай болған. Шахристан болған. Үлкен өнеркәсіптік қол өнер орталығы болған аты белгісіз қала.

Хабар 24 телеарнасы