Алматыда Нұрғиса Тілендиевке ескерткіш тақта қойылып, камералық залға есімі берілді

Алматыда Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевке арналған мемориалдық тақта қойылып, камералық залға аты берілді.

Ескерткіш тақта Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филормониясындағы камералық залдың маңдайшасына қойылды. Дәл осы жерде композитор «Отырар сазы» ансамблін құрып, оркестр деңгейіне көтерген еді. Салтанатты іс-шараға марқұмның жары Дариға, қызы Дінзухра Тілендиева және мәдениет саласының өкілдері қатысты. Қонақтар күйші-композиторды еске алып, ұлттық өнерге сіңірген өлшеусіз үлесін айтты. Мәдени шара композитордың құрметіне арналған концертпен жалғасты.

Амантай Берғалиев, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының көркемдік жетекшісі:

- Мына залдың орыны негізі Нұрағамның отырған кабинетінің орыны. Содан кейін мынау үлкен камералық зал жасап, енді қазір бір Алла Тағаланың құдіреті шығар, осы дәл тұрған жерімізде Нұрағамның кабинетінің орнында үлкен Тілендиев атындағы камералық залы ашылып жатыр.