Рим кинофестивалінде Елбасы жайлы фильмнің тұсаукесері өтті

Бүгін Рим кинофестивалінде Елбасы жайлы фильмнің тұсауы кесіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жайында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Үкібай Twitter парақшасында мәлім етті.

«Бүгін Оливер Стоун Рим кинофестивалінде Елбасымен жасалған сұхбатқа негізделіп түсірілген «Qazaq. History of The Golden Man» фильмін таныстырады», – деп жазды Айдос Үкібай.