Павлодардың көркемсурет музейінде ерекше көрме өтіп жатыр

Көрмедегі туындыларды  қылқалам шеберлері емес, менталды ауытқуы бар адамдар ұсынған. Көрменің мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық  әлеуетін арттыруды  көздейді.

Бір жағынан қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Авторлар өздерінің қабілеттеріне қарай түрлі жанр мен техниканы қолданған.  Ол бейнелеу мен  сәндік қолданбалы өнерден тұрады. Биыл бұл көрме аутизм және менталды ауытқуы бар адамдарға көмек көрсететін клуб үйінің 20 жылдығына арналған. Бүгінгі таңда жасы 18-ден асқан  100-ге тарта адам осы клубтың тұрақты мүшесі.  Олар клуб жанындағы  арт студияда шығармашылықпен де айналысады.

Елена Каркавина,  клуб үйі  жанындағы студияның жетекшісі:

- Олар сурет салудың қыр-сырын үйренеді.  Саусақпен сурет салу, бояуларды үйлестіру, әріптерді басып шығару сынды техникаларды  меңгеруге көмектесеміз. Өздеріне қатты ұнайды. Жағымды әсерге бөленіп, қанаттана түседі. Шығармашылық - сауықтырудың ең тиімді жолы.