Мәскеуде қазақстандық композитор жаңа альбомын таныстырды

Қазақстандық композитор, әнші, ақын Еркеш Шәкеев Мәскеуде «Пирс 39» деп аталған жаңа студиялық альбомын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығарма ресейлік джаз музыкант Вадим Эйленкригпен бірлесіп жасалған. Бірақ қос музыкант пандемияға байланысты альбомды дайындау жұмысын қашықтан жүргізген.

Еркеш Шәкеев, композитор:

– Пандемия шығаршамылығыма оң ықпал етті. Өйткені мен оқшауланып осы туындымды шығаруға ден қоя алдым. Бұл альбомнан басқа Лондон корольдік симфониялық оркестрлермен бірлесіп жұмыс істедім.

Вадим Эйленкриг, музыкант:

– Біздің жұмысымыздағы маңызды сәттердің бірі – маған Еркештің музыкасының ұнағандығы. Оның туындыларын А-Студио тобында орындаған кезде де ұнатқанмын. Бірақ скетчтерін жіберген кезде Еркештің нәзік әрі шебер сазгер екенін түсіндім.