«Қазақконцерт» ұйымына Роза Бағланованың есімі берілді

«Қазақконцерт» ұйымына Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді.

Бұл туралы ақпарат мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Хабарламада мұндай шешім Роза Бағланованың есімін мәңгі есте сақтауға, сүбелі үлесін қосады делінген. Естеріңізге сала кетейік, халық артисі 1960 жылдан бері «Қазақконцертте» қызмет еткен. Ол елімізде музыка өнерін дамытуға айтарлықтай ықпал етті.