Елде кинотеатр билеті 13%-ке қымбаттаған

 Елімізде кинотеатр билетінің құны орта есеппен 1600 теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республика бойынша ең қымбат билет құны Шымкентте - 2600 теңге тұрады. Ал ең арзан билет Семейде тіркеліп отыр. Онда бір сеанс құны - 1100 теңге. Өңірлер бойынша Ақтөбе облысында бір жыл ішінде 30,6 процентке жоғарылап, екі мың теңгеден асты. Ал Қызылордада 1700 тг. Атырау облысында баға 20,4 процентке өсіп, билет құны 2500 теңгеге жуықтады. Ақмола, Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында өзгеріс жоқ. Баға тұрақты. Жалпы бірінші жартыжылдық ішінде киноөнім мен телевизиялық бағдарламалар өндірісі шамамен 20%-ке артқан.