Францияда қандастарымыздың басын қосқан концерт өтті

Аты әлемге әйгілі трио - апалы-сіңлілі Нақыпбековалар Еуропадағы отандастырымыздың алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парижде өткен концерт Германия, Швейцария, Ұлыбритания мен Монакодағы қандастарымыздың басын қосты. Әртістер Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының шақыруымен барған.

Айта кеткен жөн, апалы-сіңлілі Нақыпбековалар Қарағандыда дүниеге келген. Мәскеуде білім алған. Ұзақ жылдар бойы Лондонда тұрып, әлемнің ең үздік сахналарында өнер көрсетіп келеді. Қазақстаннан көшіп кеткендеріне көп болса да, әртістер отанымен байланысын үзбейтінін айтады.

– Қайда жүрсек те, қайда тұрсақ та, туып-өскен жеріміз - Қазақстан туралы ұмытқан емеспіз. Сол үшін де бүгін осында келіп отырмыз.

– Мен өзім Қазақстанда тұрған емеспін. Бірақ анам қазақ. Ол кісі әрқашан өз ұлтының мәдениетін ұмытпау керектігі туралы айтып отыратын.