Осы аптада елордада 20-дан астам мәдени іс-шара өтеді

Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын елордалық циркте немесе қала театрларында тамаша өткізе алады. 10-14 қараша аралығында оларды мазмұнды бағдарлама күтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры 10 қарашада кешке Р.Кунидің «Смешные деньги» комедиясын көрсетеді, күндіз Баердің «Смешанные чувства» мелодрамасын көруге болады. Ал 12 және 13 қарашада Горький Островскийдің «Гроза» драмасына шақырады.

Театрдың жас жанкүйерлері үшін NOMAD City Hall-да 11 қараша күні сағат 11:00-де және 16:00-де «Арыстан Патша» спектаклі өтеді.

10 қарашада «Жастар» театрында «Дом Бернарда Альба» драмасы, ал бір күннен кейін Д.Нигроның «Дикие истории» комедиясы көрсетіледі. 12 қарашада әртістер «Алиханның аманаты» драмасын ұсынады. 13 және 14 қарашада театр «И дольше века» триптихін көруге шақырады.

12-14 қараша аралығында елордалық Қуыршақ театры «Это я нарисовал» қуыршақ балетін орындайды.

Жас көрерменнің музыкалық театрында 11 қараша күні сағат 15:00-де «Золушка» ертегісінің көрсетілімі өтеді. 14 қараша күні сағат 18:00-де «Дүние-ғапыл» метафизикалық драмасы көрсетіледі.

13 және 14 қарашада елорда тұрғындары мен қонақтарын «Столичный цирк зажигает огни» атты динамикалық және әсерлі цирк бағдарламасы күтеді. Бұл әр түрлі жанрдағы ерекше шоу. Көрермендерді тамаша сайқымазақ реприз, тентек иттер, жонглер - виртуоздар, гироскутердегі эквилибр, гимнасттар, акробаттар және балеттің әсем шоуы таң қалдырмақ.

«Атамекен» Қазақстан картасы этно-мемориалдық кешенінде Қазақстанның көрнекті тұлғалары туралы естеліктерді жаңарту мүмкін болады. Мұнда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша да дәріс өтеді.

10 қарашада Халықаралық жастар күніне орай саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының АЛЖИР мемориалды-мұражай кешені «ХХ ғасырдың 1940-1980 жылдарының сәнді киімдерін көрсету» тақырыбына бейнеролик дайындады (АЛЖИР мұражайы қызметкерлерінің қатысуымен).

Сәкен Сейфуллин музейінде «Семья – зеркало общества» және «Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы» тақырыптарында дәрістер өтеді. Сондай-ақ мұражайда «жұмбақ жәдігерлер», яғни мекеме қорынан алынған фотосуреттер көрсетіледі. Мұның бәрін мұражайдың әлеуметтік желілерінен онлайн көруге болады.

Сондай-ақ осы аптада онлайн және офлайн көрмелердің арқасында астананың тарихымен жақынырақ танысуға болады. «Нұр-Сұлтан пейзаждары» жылжымалы арт-көрмесі елорданың көрікті жерлерімен таныстырады және тарихи-мәдени мұра ескерткіштері туралы баяндайды. «Нұр-Сұлтан – менің астанам» онлайн көрмесі елорданың тарихына деген танымдық қызығушылықты кеңейтеді, Ақмоланың оқиғаға толы өмірі, сақталып қалған орындар мен олардың бұрынғы иелері туралы, біздің қала ескерткіштерінің сәулеттік ерекшеліктері туралы баяндайды.

Дүниежүзілік жастар күніне орай «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы онлайн форматта жастардың ел дамуына қосқан үлесі туралы қазақ тіліндегі бейнені көрсетеді.

«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «Кемел парасатты қаламгер» кітап көрмесі арқылы М.Айымбетовтың шығармашылығы туралы әңгімелейді. Сондай-ақ «Ұлттық теңге мәртебесі» танымдық сағаты өтеді. Оның мақсаты – патриотизмді қалыптастыру, қазақ халқының мәдениетіне, тарихы мен мұрасына деген сүйіспеншілік, құрмет пен қызығушылықты тәрбиелеу.

Сонымен, 12 қарашада көрмелер мен театрлардың қойылымдарын тұрақты түрде көретіндер үшін «Юбиляр 2021» шығармашылық викторинасы өтеді. Іс-шараны «Жастар сарайы» МКҚК ұйымдастырды.

Барлық іс-шаралар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізіледі.