Қазақстандық фильм «Оскарға» ұсынылды

Режиссер Әділхан Ержановтың «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен түсірілген «Сары мысық» фильмі «Оскарға» ұсынылды.

Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлайды.

«Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына Қазақстанның «Оскар» комитетінің шешімімен елімізден «Сары мысық» фильмі америкалық киноакадемияның беделді «Оскар» байқауына ұсынылып, кинопремияның лонг-лист тізіміне енгізілді», – делінген мәліметте.

Еске сала кетейік, басты рөлдерді Азамат Нығманов, Камила Нұғманова, Еркен Ғұбашев, Ержан Жаманқұлов және Санжар Мәди сомдайды. Ал фильмнің продюсерлері – Серік Әбішев пен Ольга Хлащева.