Қазақстандық музыканттар Германияда концерт берді

Қазақстандық музыканттар Нұрәлі мен Ғаламат Бейсеқожа Германияның Карлсруэ қаласында концерт берді. Олар неміс көрерменіне өз шығармаларын ұсынды. Концертте қазақстандық өнерпаздар біртуар композитор ретіндеп танылып, марапатқа ие болды. Салтанатты шараға тілшіміз де қатысып қайтты. 

Ағайынды Нұрәлі мен Ғаламат есімі елде танымал музыканттар. Кішісі пианист, ал үлкені домбырада ойнайды. Шебер музыкант әрі дарынды композиторлардың өнері халықаралық деңгейде бағаланады. Олар Карлсруэ Технологиялық Институті жанындағы Өнер, медиа және ғылымды қолдау қорының арнайы жүлдесімен марапатталды.  

Ғаламат Бейсеқожа, композитор, күйші:

- Біз үшін Германия елінде осындай үлкен марапатқа ие болу үлкен мәртебе. Және барша қазақстандықтарды біз келе жатқан Тәуелсіздік күнімен  шын жүректен құттықтағымыз келіп отыр.

Сәуле Татубаева өнер, медиа және ғылым қорының төрағасы /Германия/:

- Осындай жүлдені тек екі рет бергені есімде бар. Екіншісін жас болғанынына қарамастан өз жетістіктері үшін Ғаламат и Нұрәлі Бейсеқожа алған. Нұрәлі қазірдің өзінде 250 туынды шығарған, болашағы зор кененіне сенімдімін. Ал домбырада Ғаламаттан жақсы ойнаған кісіні әлі көрген емеспін.

Бұл Нұрәлі мен Ғаламаттың шетелдегі алғашқы концерті. Жеке өнер көрсеткен олар дуэтпен де сахнаға шықты. Классикалық пен халық музыкасын шебер үйлестірген өнерпаздарымызды неміс көрермендері жылы қабылдады. 

Альмут, көрермен: 

Барлық осы музыканы өздері жазғаны таңқаларлық. Маған қатты әсер етті. 

Шулькен, көрермен:

- Көзіме жас алдым! Екі аспапты қалай үйлестіргені таңқалдырады. Осында келгеніне рахмет.

Енді ағайындылар Еуропаның ең үлкен сахналарында өнер көрсетіп, Ұлы Дала әуендерін бүкіл әлемге танытуды армандап отыр.

Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский