Республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы өз мәресіне жетті

«Түркістан дауысы» атты ән байқауы мәресіне жетті. Екі күнге созылған бірегей сайыста еліміздің әр өңірінен келген 17 жүлдегер бақ сынады.

Олардың арасында өз өнерімен таныла бастаған орындаушылар мен сахнаға алғаш шыққан жас дарындар да бар. Ал қатысушылар арасында үздіктерді Маржан Арапбаева, Төлеген Мұхамеджанов және Қайрат Баекенов секілді мәдениет қайраткерлері таңдады.

Айта кетейік, жас әншілерге қолдау көрсетуді көздейтін байқаудың жүлде қоры – екі миллион теңге.

Жамбыл Кұрбаналиев, «Сарын» тобының мүшесі:

– Бәсекелестер – өте дарынды, талантты әншілер. Біз республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларда бірге бақ сынасқанбыз. Біраз қыздармен, жігіттермен дос болып кеттік.

Әзімхан Қойлыбаев, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

– Кешегі тақырып Қазақстан композиторларының әндеріне арналды. Бүгінгі еркін тақырыпта вокалды-инструментальды ассамбльмен орындайды.