434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әміре Азияның ірі ән фестивалінде Қазақстан намысын қорғауда

  • 129
  • UPD: 12:48, 18.11.2021
Әміре Азияның ірі ән фестивалінде Қазақстан намысын қорғауда Sputnik Қазақстан

Биыл халықаралық ABU TV Song Festival ән фестиваліне Қазақстанның атынан «Славян базары» байқауының жеңімпазы, «Әміре» деген лақап атымен танымал болған әнші Ернар Садырбаев қатысуда.

Жоба «Хабар» Агенттігі мүше болып табылатын Азия-Тынық мұхиты хабар тарату Кеңесінің Бас Ассамблеясы аясында бүгін, 18 қараша күні, онлайн-форматта өтіп жатыр. 

Фестивальге 12 елдің өкілі қатысуда. 2019 жылы Жапонияда өткен ABU TV Song Festival ән фестиваліне Димаш Құдайберген қатысып, өз өнерімен көпшілікті тамсандырған болатын.

Әміренің халықаралық ән фестивалінде таныстыратын «Өмір - теңіз» әнінің жаңа бейнебаяны әлемге аты шыққан Шарын шатқалында түсірілді. Туындының концепциясы өзінің терең мағынасы мен философиялық мәні жағынан көрерменге ой салары анық. Ол туралы жоба продюсері Бақытгүл Төрехан:

«Мұндағы режиссердің ойы ол қазіргі кездегі індетпен адамның қиын сәттері. Кез-келген адам қиын сәттерде өзгемен емес, өзімен-өзі күреседі. Арпалыс кезінде біреулер қиындыққа төзе алмай жатса, енді бірі керсінше барлығын жеңіп шығады. Басты кейіпкеріміз өзінің жігерлігінің, еңбекқорлығының арқасында індет пен қиындықтарды артта қалдырып жоғары шығады», - деді.

Сонымен қоса, «Хабар» Агенттігінің бастамасымен Әміренің жаңа «Өмір - теңіз» әні Еуропалық хабар тарату одағы Еуропалық Музыкалық Ән жинағының бесінші шығарылымына енетін болды. Жоба аясында қатысушылар еуропалық танымал орындаушыларымен бірлесіп ортақ әлеуметтік тақырыптағы музыкалық жинақ шығарады.

Биылғы ән жинағы COVID-19 пандемиясы салдарынан музыканың әсерлі ықпалымен шығу, әлемнің қалыпты өмір салтын қалпына келтіруде оптимистік жігер сыйлауға арналған.

Хабар 24 телеарнасы