Ерлан Құсманұлы Игісінов «Жетінші арнаның» бас директоры қызметіне тағайындалды.
Ерлан Игісінов еңбек өтілін 18 жасында радиохабар жүргізушісі болып бастады. Кейін 2009 жылы «Хабар» телеарнасында «Бетпе-бет» бағдарламасын тікелей эфирде жүргізді. Одан соң тәулік бойы ақпарат тарататын елдегі жалғыз «24КZ» телеарнасының шеф-редакторы, «Хабар» телеарнасының директоры қызметін аброймен атқарды.
2019 жылдан бастап бүгінге дейін, технологиялық ресурстар мен қызметтерді құруға маманданған Aitu-Dalа редакциясының жетекшісі қызметін атқарып келді.