430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Фархад Шариповтың «Схема» фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын

  • 90
  • UPD: 11:10, 23.11.2021
Фархад Шариповтың «Схема» фильмінің түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын

Бұл режиссер түсірген трилогияның екініші бөлімі, ал бірінші бөлімінің атауы «18 килогерц» болатын, деп хабарлайды «Хабар 24». 

«Схема» фильмін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен Medeor компаниясы қолға алған еді.

Әзірге белгілі болғандай, фильмнің постпродакшн жұмыстары  толығымен аяқталуға жақын. Өткен аптада «Қазақфильм» киностудиясында фильмнің дыбысына қатысты біршама жұмыстар атқарылып, кейбір актерлердің дауысы қайта жазылды. Ал дыбыстарды бір жүйеге келтіру жұмыстары Мәскеуде жүргізіліп жатыр екен.

Айта кетейік, аталған жобаның түсін реттеу жұмыстарына   америкалық түстерді түзету шебері Джеф Олм (Jeff Olm) арнайы жұмылдырылды. Ол Dreamworks, Sony, Universal, Disney, Fox және Warner Bros сынды әлемге әйгілі компаниялар шығарған 50-ге жуық фильмнің түстері және арнайы эффектілер бойынша жұмыс  істеген. 

Естеріңізге сала кетсек, режиссер Фархат Шарипов түсірген трилогияның екінші бөлімі – «Схема» фильмі бүгінгі жасөспірімдердің өмірінен сыр шертетін туынды. Өзінің жаңа фильмінде де режиссер бүгінгі күнгі нашақорлық дерті тақырыбын қозғаған. Былтыр күз айының соңында басталған түсірілім жұмыстары Алматыда өтті. Еліміздегі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты фильмнің түсірілімдері уақытша тоқтатылып, 2021 жылы көктемде қайта қолға алынған болатын. Фильмдегі басты рөлдерді Виктория Романова және Таир Свинцов сомдады. «Схема» фильмі келесі жылдың күз айында үлкен экрандарға шығады дейді режиссер.

 

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы