Қазақстан мен БАӘ-нің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтығы нығая түспек

Елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және БАӘ қалыптасуының 50 жылдығына арналған мәдени шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Шарадан қос ел арасындағы достықтың берік орнағанын байқауға болады. Концерттік бағдарламада екі елдің мәдениетін бейнелейтін ұлттық әндер мен билер ұсынылды.

Аммар Омар Әл Брейки, БАӘ-нің ҚР-дағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі:

- Бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас өте қарқынды дамып келеді. Бізді БАӘ-нің негізін қалаушы Шейх Заид ибн Сұлтан Әл Нахайян мен ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған жылы әрі берік қатынастар байланыстырады. Біз сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығымызды білдіреміз. Біз үшін елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықтың тиісті деңгейде өтуі өте маңызды.