Елорда сахнасында польшалық композиторлардың саундтректері орындалды

Бас қаланың төрінде филармонияның симфониялық оркестрі Польша елшілігімен бірлескен «Польшалық композиторлардың саундтректері» атты музыкалық кеш өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24» Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі – халықаралық байқаулардың лауреаты Берік Батырхан. Бас дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Ернар Нұртазин.

Қазақстандағы Польша республикасының төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич пен қорғаныс атташесі, подполковник Александр Сухенек концертке арнайы келіп, құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушылар мен артистерге алғысын білдірді.

Концерттің ерекшелігі сол көрерменге таныс әйгілі фильмдердегі поляк композиторларының шығармалары орындалды. Олардың қатарында әлемге танымал «Хатико», «Ведьмак», «Пианист» секілді үздік туындылар бар.

Сонымен қатар кеште филармонияның «Қорқыт» этноансамблі өзгеше стильде өнер көрсетіп, тыңдармандарын қуантты.