СҚО-да «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты халықаралық ақындар айтысы өтті

Бас жүлде Әсем Ережеқызына бұйырды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Петропавлда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.

Киелі өнердің өңірде насихатталуын «Nur Otan» партиясы қолдап, СҚО әкімдігі ұйымдастырды. Аламан доданы айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізді. Сөз сайысына есімдері елге танымал айтыс ақындары қатысты. Бірнеше сағатқа созылған жыр додасында арқалы ақындар тарихқа терең бойлап, тәуелсіздікті жырларына арқау етті. Сахнада бақ сынаған ақындар сөзге шешендігі мен ой ұшқырлығын көрсетті. Айтыстың бас жүлдесі  Әсем Ережеқызына бұйырды.