Мария Мудряк елордада тыңдармандарын қуанышқа бөледі

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Астана Опера» театрының солисі Мария Мудряк көрермендерін қуантты. «Сен үшін, Қазақстаным!» атты концертте Верди, Гуно, Хамидидің шоқтығы биік туындылары шырқалды. Өнерпаздың өнерін көпшілікпен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады.

Көпшіліктің қошеметіне бөленген Мария Мудряк Қазақстанды әлемге танытқан операның жарық жұлдызы. Өнер майталманы Елбасының қолдауымен 11 жасында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанып, Миландағы Жоғары музыка академиясында білім алады. Кейін Джузеппе Верди атындағы Мемлекеттік консерватория магистратурасын тәмамдайды. Тұңғыш Президент «Хабар» арнасы әзірлеген «Штрихи к портрету» деректі фильмінде онымен алғаш қалай танысқаны жайлы әңгімелеп берген еді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы:

- Мы были в Боровом. там есть пионерлагерь. Шел концерт. И там пела девочка. Такой голос понравился. Это была она. Я спросил этого специалиста, у нее такой исключительный голос. Давайте поддержим.  Несмотря на то, что ей нельзя было, 11 лет девочке, я назначил стипендию «Болашак» в Милан.  

Ия, Нұрсұлтан Назарбаевтың Марияның бойындағы қабілетін ерте байқағаны тегін емес. Үш жасынан вокалдан сабақ алған бүлдіршін араға үш жыл салып «Машенька» атты жеке ән жинағын шығарған. Сөйтіп, Мария павлодарлық сазгерлер жазған төл альбомымен Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ал оған дейін дарынды бүлдіршін бірқатар халықаралық ән додасында топ жарып үлгіреді. Алты жасында-ақ бала Мария арман-мақсатын айқындай білді.

- Я хочу стать певицей. 

Өнер жолын «Әнші балапан» республикалық байқаудың сахнасынан бастаған Мария бүгінде әлемнің озық опера сахналарында өнер көрсетіп жүр. Ол вокалист ғана емес, Қазақстанның опера әлеміндегі брендін қалыптастырған әйгілі әнші.

Дүние жүзіне елімізді танытқан сахна саңлағы отанын естен еш шығармайды. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген қағиданы ұстанған Елбасына деген ризашылығы шексіз. 

- Спасибо вам огромное... 

Мерей Шохманова