Қарағанды облысындағы тарихи орын туристік аймаққа айналмақ

Өңірдегі «Талды тарихи-археологиялық паркі» туристік бағытының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл облыс орталығынан шамамен 120 шақырым қашықтықта жатқан, тас пен қола дәуіріне тән ежелгі және ортағасырлық тарихты бейнелейтін ескерткіштер шоғыры. Ғалымдар бұл жерде 3 жылдан артық уақыт зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 20-ға жуық нысан қалыпқа келтірілген. Әлі зерттеуді қажет ететін 200-ге жуық нысан бар көрінеді. Қалыпқа келтіргендердің ішінде ең айшықтысы кәдімгі Мысыр пирамидаларына ұқсайтын нысан. Қазір мұнда туристтік маршрут дайындалып, ашық аспан астындағы музей құрылды. Ол облыстық тарихи–өлкетану мұражайының филиалы ретінде жұмыс істейді.

Түлкібай Төлеуов, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы:

– Белгілі бір қаражат және штаттық кестесі дайындалып, келер жылы павильондар мен киіз үйлер алуға қаржы бөлініп, бұл әрі қарай дамиды енді. Тек ғылыми жағынан ғана емес,студенттерді, туристерді қабылдауға мүмкіндік беріледі. Біз қола дәуірінің екі үйін, қорымдарды және Секібай мавзолейін қалыпқа келтірдік, Талды, Пирамида, оның жанында 3 қорған бар 20 шақты обьекті толықтай жаңартылды.