Елордада «Саз сиқыры-2021» қайырымдылық фестивалі өтті

Қайырымдылық жобасы аясында әр облыстағы балалар үйлеріне көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ балаларға өздері армандаған түрлі жаңа жылдық сыйлықтар табысталады. Жыл сайын жаңа жыл мейрамы қарсаңында өткізілетін «Саз сиқыры» фестивалі аясында бүлдіршіндер мейірім мен қамқорлық сезіміне бөленіп, мерекелік атмосфераны сезінеді. Биыл «Саз сиқыры» жобасы аясында Павлодар облысы Кенжекөл ауылындағы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылына»,  Тараз қаласындағы «Қиын жағдайда қалған балаларға қолдау көрсету» орталығына,  Атырау облысындағы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйіне» және Қарағанды облысындағы «Таңшолпан» балалар үйіне көмек көрсетілмек.

Жиналған қаражатқа осы балалар мекемелеріндегі ойын бөлмелері мен оқу шеберханаларына арналған заманауи құрал-жабдықтар, сондай-ақ оңалту жабдықтары сатып алынады. Фестивальдің ұйымдастырушысы – «Дегдар» гуманитарлық қоры. «Саз сиқыры» жобасы биыл 4 рет өтуде.