Елордада ел тәуелсіздігін ұлықтаған мәдени шара өтті   

«Елім деп соққан жүректер».Нұр-Сұлтанда дәл осындай атаумен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Мәдени шараны Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымы ұйымдастырды. Концертте белгілі композиторлардың үздік туындылары шырқалды. Кеште «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі мен «Астана мюзикл» театрының әртістері өнер көрсетті. Елорда көгінде әуелеген халық әндері, классикалық және эстрадалық туындылар өнер сүйер қауымның көңілінен шықты.