Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіледі

Елордада «Бірге» деректі фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Онда Қазақстан мен АҚШ арасындағы 30 жылдық дпиломатиялық қарым-қатынастың қазақстандықтардың өміріне қалай әсер еткені туралы баяндалады.

17 желтоқсанда туындыны «Хабар» және Qazaq TV телеарналарынан көруге болады. Сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ елшілігінің әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Шара барысында екі ел арасында медиа саласындағы ынтымақтастық нәтижелері қорытындыланды.

2022 жылдан бастап америкалық Nickelodeon телеарнасындағы мультфильмдер қазақ тілінде көрсетілетін болды. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаевтың айтуынша, бұл шамамен ақпан айына жоспарланып отыр.