Алмания жұрты қазақ мәдениетімен танысты

Алмания жұрты қазақтың киім үлгілері, музыкасы және көркем өнерімен танысты, деп хабарлайды Хабар 24.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шараны Берлиндегі елшілік ұйымдастырды. Кешке келген қонақтарға 3Д форматындағы бейнеинсталляциялар көмегімен Ұлы Даланың әсем табиғаты көрсетілді. Дәстүрлі әндер мен заманауи композициялар орындаған әртістеріміз өнерімен жергілікті көрермендерді тамсандырды. Кештің шырқын Қазақстан дизайнерлері ұсынған фэшн-шоу да аша түсті. Қолдан тоқылған кардигандар, ұлтық нақыштағы көйлектер. Үш жас модельер Еуропа жұртына сәнді киім жинақтарын паш етті. Шараға сыртқы істер министрлігінің өкілдері, елшілер, жергілікті дизайнерлер мен Берлинде тұратын отандастар шақырылды. 

Қарлығаш Кәріпова, ұйымдастырушы:

– Бұл жерде біздің мақсатымыз киім үлгілерімен, дизайнерлермен ғана таныстыру емес, сонымен қатар Қазақстанның табиғатын көрсету, Қазақстанның суретшілерінің өнерін көрсету, Қазақстанның өнер адамдарың таныcтыру болған. Барлығы өте риза болып, Қазақстаннан тағы да осындай кештер ұйымдастырылса деген үміттерін айтты. Орта Азия, Шығыс Еуропадан келген өкілдермен ақылдаса келе, Наурыз мейрамы кезінде дизайнерлер шоуын тағы да бір жасасақ деген ортақ ойға келіп отырмыз. 

Ян Штайнхарт, көрермен:

– Бұл өте әдемі кеш болды: музыка, арнайы эффектілер мен сән көрсетілімі. Оқиғаға толы бағдарлама. Берлиннің өзінде мұндай шоуды жиі көрмейсің. Маған ерлер киімі ұнады. Әдемі әрі сәнді костюмдер. Ал қазақ музыкасын өмірімде алғаш рет естідім. 

Сондай-ақ...