Елбасы жазушы Дулат Исабековпен кездесті

Елбасы жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен кездесті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты хабарлады.

Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының даму мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Д.Исабековтің Қазақстанға сіңірген еңбегін атап өтіп, мемлекеттік марапатқа ие болуымен құттықтады.

Өз кезегінде Д.Исабеков Нұрсұлтан Назарбаевқа мәдениет қызметкерлерін әрдайым қолдап келе жатқаны үшін алғыс айтып, ең басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.