Балқаштағы аялдамаларға жарқын тұлғалардың өлеңдері жазылады

Балқаш қаласында елдің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосқан азаматтардың шығармашылығын насихаттайтын 30 аялдама пайда болды.

Олардың ішіне жарқын тұлғалардың еңбектері мен өлеңдері жазылатын болады. Мысалы, Мағауия Хамзин атындағы аялдамада күй ойнап тұрады. Сондай-ақ қаладағы ең ірі аялдаманың бірі «Тәуелсіздік белестері» деген тақырыппен көркемделіп жатыр.

Әсел Бөлекова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

- Жалпы қаламызға, елімізге, ел тәуелсіздігіне өзіндік үлесін қосқан тұлғаларға арналып жалпы 32 аялдама безендірілді. Тағы 6 аялдаманы безендіруді жоспарлап отырмыз. Келесі жылы Балқаш қаласының 85 жылдығы, осыған орай бұл акция жалғасатын болады. Халық өте жақсы, жағымды қабылдады. Себебі жарнамадан гөрі халыққа ақпарат, қажетті мәлімет беретін ақпараттарды халық жақсы қабылдады, вандализм болған жоқ.