435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда жаңа комедиялық фильмнің премьерасы өтті

  • 132
  • UPD: 22:22, 16.12.2021

Қазақ киноиндустриясы тағы бір комедия жанрындағы туындымен толықты. 23 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотетрларында «Моя большая казахская семья» фильмі көрсетіле бастайды. Режиссері – Ален Ниязбеков. Фильмге көптеген танымал актерлар түскен.

Киноиндустрияның Тәуелсіздікке тартуы бұл фильм. Осы кинотуынды аясында еңбек еткендер 2 айдан аса түсіріЛім алаңында болған. Тәуелсіздік күніне үлгеру басты мақсат болды дейді. Фильмді Қазақстанның әр өңіріне барып арнайы тур жасап таныстыру көзделіп отыр.

Ален Ниязбеков, фильм режиссері:

– Бұл отбасылық комедия жанрындағы фильм. Шытырман оқиғаға толы. Сондай-ақ көп ұлтты отбасының басынан өткен жағдайды көрсетеміз. Көрерменге көңілді комедия ұсына отырып отбасы құндылығын дәріптеуге тырыстық. Меніңше тамаша туынды шыққан сыңайлы.

Фильм көп ұлтты отбасының басынан өткен оқиғаны көрсетеді. Әкесі қыздарының тұрмысқа шыққан күйеулерін қабылдай алмай біраз әуре сарсаңға салады. Отағасының рөлін елімізге танымал актер Қуандық Шәкіржанов сомдады. Сондай-ақ басты рөлдерде  Дина Тасбулатова, Гульнара Сильбаева, Шынар Аскарова, Асель Садвакасова сынды танымал актрисаларды көруге болады.

Шынар Асқарова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актриса:

– Қазір толқу үстіндемін жүрегіміз қағып тұр. Қандай фильм қалай түсті деп. Қалай болды басы қасында жүрдік атсалыстық. Жаныңды салып еңбек еттің бірақ дегенмен де қалай шығатынын білмейсің ғой. Артық қылам деп тыртық қылып алатын жерлер болады. Ойй деген жерлер жақсы шығатын кездер болады. Енді атының өзі айтып тұр. Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бір шаңырақта қаншама ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Моя большая казахская семья деп атының өзі айтып тұр. Бір семьяда бірнеше ұлт өкілі өмір сүреді.

Фильмнің негізінде қарапайым қазақ отбасының өмірі көрсетіледі. Манарбектің төрт баласы бар: ұлы және үш қызы. Оның тұңғышы армян әйеліне үйленген. Үлкен қызы кәріске, орташа қызы орысқа күйеуге шығады. Ал әкесі кіші қызын қазаққа тұрмысқа шығады деп үміттенеді. Бірақ оның таңдауы кімге түскенін 23-ші желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотетрларында көрсетілетін моя большая казахская семья фильмінен көре аласыздар.

Гүлзия Нақыпқызы, Аян Сәрсенбаев

Хабар 24 телеарнасы