Грузиядағы әйгілі гроссмейстер сотқа жүгінді

Кезінде әлемнің бес дүркін чемпионы атанған әйгілі шахматшы Нона Гаприндашвили Netflix-ті сотқа берді, деп хабарлайды Хабар 24.

Ол стриминг компаниясынан 5 миллион доллар төлеуді талап етіп отыр. Өйткені қыркүйек айында «Патшайым жүрісі» атты атышулы мини-сериал экранға шыққан еді. Онда Нона Гаприндашивлидің де есімі аталған. Жұрттың көңілінен шыққан сериалдың сценаристері Нона Гаприндашвили жетістіктерін бұрмалаған. Әлемнің бес дүркін чемпионы сотқа шағымданып, Нетфлик компаниясынан атына кір келтіргені үшін 5 миллион доллар өтемақы төлеуді талап етіп отыр. 

Ана Рехвиашвили, адвокат:

– Алғашқы сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды. Ол Калифорния штатында 24 қаңтарда өтуге тиіс. Қос тараптың өз дәлелдерін ұсынып, ұстанымын қорғауға мүмкіндіктері болатыны өте маңызды. Netflix өз дәлелдерін ұсынып, соттан бұл істің қарауын жалғастырмауды сұрап отыр. Алайда біз 3 желтоқсанда өз ұстанымызды тапсырдық. 

Бұл Нона Гаприндашвилидің ашуын туғызған үзінді. Сонда оны әйелдер арасындағы орыс чемпионы деп атаған. Алайда сериалда баяндалған 1968 жылы Нона 50-ден аса ер шахматшымен ойнап үлгерді.

Тіпті ерлер санатында халықаралық гроссмейстер дәрежесіне ие болған. Сериалдың режиссері картина арқауын шиеленістіру үшін сценарийінде күмәнді мәліметтер болғанын мойындады.   

Майя Мцариашвили, адвокат:

– Дәлелге ие болу үшін біз сериал продюсері мен сценарисі Френк Скоттан жауап алдық. Амалсыздан оған мұны мойындауға тура келді. Нонаның кім екені және қандай жетістіктерге жеткенін білгенін түсіндік. Бірақ ол неліктен сценарийде дерек бұрмалағынын нақты түсіндіре алған жоқ.  

«Шахмат Оскары» марапатына ие болған тұңғыш әйел – Нона Гаприндашвили қазір сексенде. Сот процесіне дайындыққа ол сырттан қатысып отыр. Бірақ адвокаттары гроссмейстер жеке өзі сотқа келуі мүмкін дейді.

Авторы: Юлия Тужилкина