Елордада Ә.Мәмбетов атындағы театр кезекті маусымын ашты

Нұр-Сұлтан қаласында Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кезекті маусымын ашты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Театрымыз жас театрлардың бірі. Біз үш жылдығымызды ғана атап өттік. Міне Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында театрымыздың төртінші маусымын ашып отырмыз. Абайдың 175 жылдығына арналған Абай қойылымын ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов ағамыз қойды. Бұл қойылымда біз Абайдың Абай болуын, үлкен қадамдарды қалай жасағанын, үлкен ойларға қалай келгенін, бала Абайдан үлкен Абайға қалай өткенін, өмір жолын алған болатынбыз. Қойылымда Абайдың анасы Ұлжанды сомдадым», - деді театр актрисасы Ажар Шәкіржанова.

Ақынның жас күнін сомдаған актер Бекарыс Асқарбеков өз ойын былайша жеткізді.

«Жас Абай» қойылымында ақынның жас күнін сомдадым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Өзім үшін бір жеңіс деп есептеймін. Ақынның өлеңдерінің, қара сөздерінің астарында қандай мағына жатқанын түсіну оңай емес. Сол себепті ақынның жас күнін сомдағаныма қуаныштымын», - деді театр актер Бекарыс Асқарбеков.