434,24 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтандағы Қаллеки театрында қос қуаныш тойланды   

  • 144
  • UPD: 21:40, 18.12.2021
Нұр-Сұлтандағы Қаллеки театрында қос қуаныш тойланды   

Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының 30 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Айтулы датаға орай өнер ордасында қызыл кілем төселіп, мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілді. Мерейтой Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Әрі театрдың негізін қалаған Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаровтың туғанына – 80 жыл. Салтанатты рәсімге елдің түкпір-түкпірінен өнер өкілдері жиналды. Асанәлі Әшімов бастаған театр корифейлері қызыл кілеммен жүріп өтті. Шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Ернар Жұматаев Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры:

– Тәуелсіздікке тарту деп «Алтайдан ауған ел» спектаклін ұсынып жатырмыз. Сонымен бірге театрдың негізін қалаушы – Жақып Омаров ағамыздың 80 жылдығы болып жатыр. Кеше кітабының тұсаукесерін жасадық. Осы 30 жылда тарихмызда, жинағанымыздың барлығын төменде мұражайда елге көрсетсек деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы