Елордада «Шығыстың шоқжұлдыздары» атты халықаралық жиын өтті

Бүгін шығыстың әйгілі шайырлары Низами Гәнжауи, Әлішер Науаи, Юнус Эмре кітаптарының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Түркі әлеміне танымал мәдени-әдеби мұраның басылуына халықаралық түрік академиясы ұйытқы болған. Низами Гәнжауидың әйгілі «Жеті ару» және «Ләйлі-Мәжнүн» дастандарын бұған дейін Таир Жароков, Қасым Аманжолов, Жақан Сыздықов, Дихан Әбілов және Тәкен Әлім-құлов сынды көрнекті ақын-жазушылар аударған еді. Сонымен қатар көрнекті түрік ақыны Юнус Эмре жырларының қазақша аудармасы жеке жинақ болып басылды.

Әлішер Науаи жырларының қазақ және әзербайжан тіліне аударылған толық жинағы да жарыққа шықты.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысқан жиында түркі дүниесінің мәдени-әдеби байланыстарын нығайтуға қосқан үлесі үшін «Әлішер Науаи» алтын медалімен танымал қаламгерлер Мұхаммед-Әли Ахмедов, Несіп-бек Айтұлы, Рәмиз Аскеров Светқали Нұржан марапатталды. Ал ғалым Төрәлі Қыдыр Түркі академиясының Күміс медалінің иегері атанды.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Түркі дүниесінің тұтастығы өте маңызды. Тұтас болуы үшін тіліміздің ортақтығының, дініміздің танымал ақын Светқали Нұржан аударған ортақтығының үстіне діліміздің ортақтығы, жүрегіміздің тұтастығы қажет. Ал ол үшін біз бір-бірімізді жақсы білуіміз керек. Ал жақынырақ білу үшін аудармаларды оқу керек, тілді білуіміз керек. Осы тұрғыдан қарағанда бұл жиын, барлық жағынан, барлық өлшемдері бойынша өте маңызды деп айтуға болады.