«Беймәлім Қазақстан» деректі фильмі жарыққа шықты

Бүгін «Беймәлім Қазақстан» деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

10 бөлімнен тұратын картинаның жарыққа шығуына «Жастарға жол» қоғамдық қоры ұйытқы болған. Жоба авторлары еңбегін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнады. Деректі фильмде елге белгілі тұлғалар мен қарапайым адамдардың да тіршілігі қамтылған. 3 айға созылған түсірілім барасында шығармашылық топ Қазақстанды аралап,15 мың шақырым жол жүрген. Жобаны жеке инвесторлар қаржыландырды. Авторлар картинаны 3 тілде шығарып, шетелге таныстыруды жоспарлап отыр. Деректі фильмді түсіру жұмысы жалғасады.

Рафаэль Гасанов, жоба авторы:

– Бұл – телевизиялық жоба. Біз оны еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жүзеге асырдық. Оның басты мақсаты – елімізді халықаралық деңгейде жаңа бағытта көрсету.

Талғат Жаңабеков, фильм режиссері:

– Деректі фильм халқымыз туралы, кейбір жетістіктеріміз, ел тарихында болған тағдырлы сәттер туралы ой қозғайды. Осы елде тұрып жатсақ та, біз үшін беймәлім тұстары аз емес. Соны көрсеткіміз келді.