Ақтауда «Адай тарихы» атты кітап жарық көрді

Ақтауда «Адай тарихы» жарық көрді. Жазушы, драматург Әнес Сарай көзі тірісінде еңбегін баспаға дайындап кеткен.

Кітапта көне тас дәуірі мен Алашорда кезеңі аралығындағы Маңғыстау өлкесінің тарихы сипатталған. Шараға қатысқандар кітаптың әсіресе жас ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті. Әнес Сарай қазақ тарихына қатысты бұрын айтылмаған ғылыми деректерді зерттеп, «Еділ-Жайық» трилогиясы «Көнеліктер», «Бес Мейрам» сынды бірқатар әдеби еңбекті жарыққа шығарған.